Ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана қ., Алматы ауданы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы.
Зарарсыздандыру құралдарының келесідей түрлеріне қатысты коммерциялық ұсыныстарды және қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды Астана қаласы, Алматы ауданы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекен-жайға 2024 жылғы 22 қаңтарға дейін ұсыну қажет (міндетті!!!):
- Медицина қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
- Хирург дәрігерлерінің қолдарын және ота жасау аумағын зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
- Медициналық жабдықты және қолжетімділігі қиын беттерді өңдеу үшін бір рет қолданылатын дезинфекциялық майлықтар;
- Ауаны, беттерді және автокөлікті лезде зарарсыздандыруға арналған спрей түріндегі қолдануға дайын дезинфекциялық ерітінді;
- Үй-жайларды ағымдағы дезинфекциялауға арналған таблетка түріндегі дезинфекциялаушы құрал;
- Үй-жайларды жалпы тазалауға және қорытынды дезинфекциялауға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
- ММБ дезинфекциялау үшін жуғыш әсері бар зарарсыздандырғыш құрал;
- Эндоскопиялық жабдықты концентрат түріндегі механикаландырылған тәсілмен зарарсыздандыру алдындағы тазартуға арналған дезинфекциялаушы энзимді жуғыш зат;
- Эндоскопиялық жабдықты механикаландырылған тәсілмен зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
- Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде хирургиялық құралдарды және басқа да бұйымдарды жуу-дезинфекциялау машиналарында механикаландырылған тәсілмен зарарсыздандыру алдындағы тазартуға (жууға) арналған дезинфекциялаушы сілтілі жуғыш зат;
- Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде хирургиялық құралдарды жуу-дезинфекциялау машиналарында механикаландырылған тәсілмен өңдеу кезінде сілтілі құрал қалдықтарын бейтараптандыруға арналған қышқылды бейтараптандырғыш құрал;
- Биологиялық секрециялар мен тамақ қалдықтарын дезинфекциялауға арналған ұнтақты зарарсыздандырғыш құрал;
- Сұйық концентрат түріндегі сарқынды суларды зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
- Медицина қызметкерлерінің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялық әсері бар сұйық сабын;
- Ағартқыш және жуғыш әсері бар киім-кешек пен арнайы киімді зарарсыздандыруға арналған ұнтақты зарарсыздандырғыш құрал;
- Сұйық концентрат түріндегі ыдыс жуғыш машинада ыдыстарды автоматты түрде жууға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
- Сұйық концентрат түріндегі ыдыс жуғыш машинадағы ыдыс жууға арналған дезинфекциялық шайғыш зат.