60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Кеңес: "Жөтел этикеті"

Шаяхметова Гульден Еркиновна — Фтизиатр, пульмонолог, жоғарғы санатты дәрігер.

Күн сайын біз үйде, жұмыста, қоғамдық көлікте, ойын-сауық орындарында жөтелетін адамдарды кездестіреміз.

Қазіргі кезең осындай!

Бірақ егер жөтелетін адамдармен кездесулерді болдырмау мүмкін болмаса, онда айналасындағыларды жұқтырмау үшін жөтелуді үйрену оңай болады!

Сонымен, дұрыс жөтелу қалай болады?

Барлығымыз жөтел кезінде ауызды қолмен жабу керек деп есептейміз.

Бірақ бұл ретте келесіні ескеру керек!

Адам ауызды қолмен жауып жөтелгенде, инфекция қолға түседі,ал қолдан адам ұстаған заттар арқылы таралады. Бұл күн сайын қолданылатын барлық заттар (есік тұтқалары, тұтқалар, және т.б.). Сондықтан жөтел мен түшкіргенде қашықтықты сақтау керек, ауызды қолмен емес, бір рет қолданылатын майлықпен немесе қол орамалмен жабу керек!

Екінші маңызды ұсыныс: қолды жиі жуу, арнайы тері антисептиктерімен дезинфекциялау. Балалардың бұл қарапайым ережелерге үйретіңіз, оларға жеке мысал көрсетіңіз және бұл инфекцияның одан әрі таралуының төмендеуіне әсер етеді!

 
new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.